Қызылордада іздеуде жүрген 36 қылмыскер ұсталды
Хабар-ошарсыз кеткен 24 азамат табылды
Қызылордада полицейлер аса ірі көлемде алаяқтық жасап, тергеуден қашып жүрген облыс тұрғындарын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жыл басынан бері қызылордалық полицейлер іздеуде жүрген 36 қылмыскерді құрықтап, хабар-ошарсыз кеткен 24 азаматты іздеп тапты.
Мәселен, Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері тергеуден бой тасалап, Атырау қаласында іздеуде жүрген Қызылорда қаласының тұрғынын қолға түсірді. Анықталғандай, бұл азамат алаяқтық жолымен ірі компаниядан 33 миллион теңгеге жуық ақшаны заңсыз иемденген.
«Күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Жедел уәкілдер іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде 37 жастағы күдіктіні облыс орталығында ұстады», - деп хабарлады полиция.
Іздеу шараларына еріктілер де белсенді қатысады.