Астанада әйелдер көп – Ұлттық статистика бюросы

Azattyq Rýhy

Елордада 100 жастан асқан 21 адам тұрады

Астанада әйелдер көп – Ұлттық статистика бюросы
Фото: Azattyq Rýhy

Ұлттық статистика бюросы елорда күні қарсаңында Астана туралы қызықты статистика ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2024 жылдың 1 маусымында Астана халқының саны 1 464 415 адамға жетті, оның 696 234 –і ерлер, 768 181 –і әйелдер.

«2023 жылы Астанада өмір сүру ұзақтығы ерлер үшін 74,23 жасты, әйелдердікі 81,28 жасты құрады. Некеге тұрған ерлер мен әйелдердің орташа жасы ерлер үшін 28,2 жас, әйелдер үшін 26,4 жас», – деп хабарлады Бюро.

2024 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы туу коэффициенті 1000 адамға 19,50 болды.

Сонымен қатар, елордада 100 жастан асқан 21 адам тұрады, оның ішінде 15 әйел мен 6 ер адам.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.