Мәжіліс депутаты қоғамдық қабылдау өткізді
Қоғамдық қабылдауға жазылған бірқатар қала тұрғындары өзекті мәселелерді көтерді
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Қайрат Балабиев партиясының «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қоғамдық қабылдауға жазылған бірқатар қала тұрғындары өзекті мәселелерін ортаға салып, түйінді сұрақтар талқыланды.
Оның ішінде тұрғын үй кезегі, баспана мәселесі, жайылым жер, денсаулық, жол салу, жол белгілерін орнату секілді мәселелер көтерілді.
Өтініштердің басым бөлігі жедел шешілді, бірнешеуі заңгерлердің кеңесімен депутаттық сұраныс арқылы жауабын таппақ, қалған сұрақтар қалалық атқарушы биліктің өкілдеріне нақты тапсырылып, оң шешімін табуына атсалысуы жүктелді.