$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.06.2024, 04:00
Қоғам

Өскеменде күйеуін бөлімшеге әкетпек болған полицейлерге жұдырық жұмсаған әйел сотталды

Сот шешімімен айыпталушы 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектелді

Өскеменде күйеуін бөлімшеге әкетпек болған полицейлерге жұдырық жұмсаған әйел сотталды
Фото: istockphoto.com

Өскеменде күйеуін бөлімшеге әкетпек болған полицейлерді боқтап, жұдырық ала жүгірген әйел адам 4 жылға бас бостандығынан шектелді. Бұл туралы Өскемен қалалық №2 сотының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Соттың мәліметіне сүйенсек, полиция қызметкерлері түскен арыз бойынша көрсетілген мекенжайға барып, ер адамды бөлімшеге алып кетпек болған. Сол кезде оның әйелі қарсылық танытып, тәртіп сақшыларына шабуыл жасаған.

«Әйел адам полицейлердің бірінің бетінен, басынан және аяғынан бірнеше рет ұрып, екіншісінің иек тұсына жұдырық сілтеген. Мас күйде болған әйел қызметтік міндетін атқарып жүрген құқық қорғау органы қызметкерлеріне балағат сөздер де айтқан», - делінген хабарламада.

Сот шешімімен айыпталушы 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектелді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары