19.06.2024, 14:25
Қоғам
Антикор білім беру саласында қанша қызметкер пара алғанын жариялады
2023 жыл басынан 229 қылмыстық іс тіркелді
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі брифингте журналистерге білім беру саласындағы пара алу фактілері туралы айтылды. Сонымен қатар, ведомствоның ресми өкілі Данияр Бигайдаров ең көп ұрлық болған аймақтар туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2023 жылдың басынан бастап білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша 229 қылмыстық іс тіркелген. Олар бойынша шығын 15,1 млрд теңгені құрады.
«Ұрлықтың ең үлкен сомасы Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе облыстары мен Алматы қаласында анықталды. Қылмыс жасауда 317 адам әшкереленді, оның ішінде 144 адам түрлі жазалау шараларына сотталды», - деді ол.
Көп оқылған
15.10.2026, 15:39
Екі жүк көлігінің ортасында қалған: СҚО-да балабақша директоры мен екі тәрбиеші қаза тапты (ВИДЕО)
15.10.2026, 13:46
Астанада ер адам көшеде кетіп бара жатқан бойжеткеннің ізінен аңдып, бөксесінен ұрып кеткен (ВИДЕО)
15.10.2026, 11:59
Динара Сәтжанның жүкті екені туралы сыбыс тарады (ВИДЕО)
15.10.2026, 16:16
2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда әкелерге декреттік төлем мүлде төленбейтін болды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды