07.03.2024, 17:57
Қоғам
Астанада алименттен қашып жүргендердің көлігі сатылымға шығарылады
Тәркіленген 4 көлік айыппұл тұрағына қойылды
Фото: ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі
Астанада алимент төлемей жүргендердің көлігі тәркіленіп жатыр, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
Әділет министрлігі автокөліктердің сатылымға шығарылатынын мәлімдеді. 4-5 наурызда қалалық әділет департаменті жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасы және полицейлермен бірлесіп, «Борышкер» рейдтік шарасын жүргізген.
«857 мың 160 теңге, 1 млн 518 мың 626 теңге, 2 млн 483 мың 773 теңге, 2 млн 943 мың 979 теңге көлемінде алимент төлемей жүрген борышкерлердің 4 көлігі тәркіленіп, айыптұраққа қойылды. Жеке сот орындаушылары автокөліктерді бағалап, сатады», - деп жазылған Әділет министрлігі таратқан хабарламада.
Алдағы уақытта борышкерлердің мүлкін өндіріп алу жұмыстары жалғасады.
Көп оқылған
19.10.2026, 09:24
Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының ашық-шашық клипі үшін Алматыдағы колледж жазаланатын болды (ВИДЕО)
19.10.2026, 10:58
Мейрамбек Бесбаев 50-ге толды: туған жерінің қазіргі әкімі әншіге шапан жауып, бір құшақ гүл сыйлаған (ВИДЕО)
19.10.2026, 23:19
Қызының дүниеге келуін атап өткен: Абай облысының тұрғыны екінші рет сотталып кетті
19.10.2026, 15:25
Қазақстандықтардың әл-ауқатын болжайтын калькулятор істен шықты
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды