Алматы облысында алкоголь өнімдерін заңсыз сатқан 120-ға жуық кәсіпкер ұсталды
9 мыңнан астам дайын алкоголь өнімдері жойылды
Алматы облысында алкогольді заңсыз сатқан 120-ға жуық кәсіпкер ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
Алматы облысының прокуратурасымен жүргізілген талдау барысында рұқсат қағазынсыз алкогольдік өнімдерді сатып, салық төлеуден жалтарған 117 жосықсыз кәсіпкер анықталды.
Қадағалау органының бастамасы бойынша құқық бұзушылар ӘҚБтК-нің 463-бабы (кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алкогольді сату міндетті лицензияны талап етіледі. Қазақстан аумағында этил спирті мен алкоголь өнімдерін сәйкестік сертификаттарынсыз (және белгілерінсіз) сатуға тыйым салынады және Қазақстан Республикасының «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 9-бабына сәйкес техникалық регламенттердің тиісті талаптары бойынша», - делінген Алматы облыстық прокуратурасының хабарламасында.
Алкогольді сатуға лицензияны электронды форматта «eGov» порталы арқылы алуға болады.