Атырауда тендер ұтып алған кәсіпкерден 7 млн теңге бопсалағандар ұсталды
35 және 34 жастағы екі күдікті қамауға алынды
Атырауда тендер ұтып алған кәсіпкерден 7 млн теңге бопсалағандар ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атырау облысы полиция департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаметімен бірлесе отырып, облыс прокуратурасының үйлестіруімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Мақат ауданында кәсіпкерден 2,5 млн теңге қаражатты қорқытып алу дерегі анықталған.
35 және 34 жастағы екі күдікті жәбірленушіден 1 млн теңге алу барысында ұсталып, қамауға алынды.
Іс құжаттарына сәйкес аталған күдіктілерге осы кәсіпкерден 2023 жылғы қазан айынан бері бопсалау арқылы жалпы сомасы 4,5 млн теңгені заңсыз иемдегені үшін де күдік келтірілуде.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.