Ақмола облысында 800 ерекше баланың құқығы бұзылған
Прокуратура бұзушылықты жойып, балалар тегін тамақтануға қол жеткізді
Облыс прокуратурасы, мүгедектер үшін көзделген жеңілдіктер алу құқықтарын бұзылуын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қолданыстағы заңнамада (ҚР «Білім туралы» Заңының 6-бабы) жергілікті атқарушы органдарға мұндай балаларды тегін тамақпен қамтамасыз ету бойынша міндеттер бекітілген.
Осыған қарамастан, ерекше балалар жеңілдетілген тамақпен қамтылмаған және облыс әкімдігінің «мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тамақтандыру үшін шығындарды өтеу туралы» қаулысында ескерілмеген.Аталған бұзушылықтар Ақмола облысы прокуратурасының араласуынан кейін жойылды, осылайша 800-ден астам баланың құқықтары қорғалды.
Нәтижесінде, «мүгедектігі бар балалар» сияқты санаттар әкімдік қаулысына қосылып, тегін тамақпен қамтамасыз етілді.