$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.08.2023, 10:01
Қоғам

Юлия Путинцева US Open турнирінің бірінші айналымында жеңіліп қалды

Әлемдік рейтингіде 78-орында тұрған Юлия Путинцева алғашқы айналымда әлемнің 58-ракеткасы, италиялық теннисші Мартина Тревизанмен ойнады

Юлия Путинцева US Open турнирінің бірінші айналымында жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева «Үлкен дулыға» санатындағы US open турнирінің алғашқы айналымындағы матчын өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Әлемдік рейтингіде 78-орында тұрған Юлия Путинцева алғашқы айналымда әлемнің 58-ракеткасы, италиялық теннисші Мартина Тревизанмен ойнады.

Қазақстандық теннисші бірінші сетте 6:0 есебімен жеңгенімен, екінші сет тай-брейкке дейін ұласып, онда италиялық теннисші басым түсті - 7:6(7:0).

Үшінші шешуі сет те тай-брейкке дейін жалғасты. Онда да Мартина Тревизан жеңді 7:6(10:8).

Қазақстандық теннисші тартысқа толы матч кезінде бір эйсті орындап, үш қос қателік жасады. Ол 19 брейк-пойнттың тек сегізін сәтті пайдалана алды.

Осылайша, қазақстандық теннисші US Open 2023 турнирін аяқтады.

Серіктес жаңалықтары