27.08.2023, 09:15
Қоғам
Батыс Қазақстан облысында 200 тоннаға жуық пішен отқа оранды
Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, қасақана от қойылуы да ықтимал
Фото: inform.kz
Батыс Қазақстан облысында 200 тоннаға жуық пішен отқа оранды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
БҚО ТЖД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 25 тамыз күні Жәнібек ауданы Ақоба ауылында болды.
«Сағат 00.44-те Х. Хабиуллин көшесі, 6 мекенжайында алдын ала мәлімет бойынша 150 тонна пішен мен аумағы 108 шаршы метр қора-қопсы жанды. Сондай-ақ, С. Сейфуллин көшесі, 4/1 мекенжайында 36 тонна пішен өртеніп кетті. Адамдар зардап шеккен жоқ. Өрт сағат 05.20-да оқшауланып, 10.48-де ауыздықталды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде», - деп хабарлады ведомстводан.
Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, қасақана от қойылуы да ықтимал.
Көп оқылған
16.10.2026, 10:11
«Бес айлық сәбиді өлтірген»: бір қылмыскерді ұстау үшін Қызылорданың пост-бекеттеріндегі бақылау күшейді
16.10.2026, 12:13
Таиландтан екі чемоданмен есірткі тасыған: Астанада 2006 жылғы қыз бала 16 жылға сотталды
16.10.2026, 14:48
Ақтауда балабақша қызметкерінің туберкулезден қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды