$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.08.2023, 09:24
Қоғам

Мадагаскар астанасында стадиондағы ығы-жығы адам бірін-бірі таптап, 12 адам қаза тапты

Көп адам ауруханаға жеткізілген, тіпті кейбірі отаны қажет ететіні де нақтыланады

Мадагаскар астанасында стадиондағы ығы-жығы адам бірін-бірі таптап, 12 адам қаза тапты
Фото: yarnovosti.com

Үнді мұхиты аралдарының 11-ші ойындары Мадагаскардың астанасы Антананаривуда өтіп жатыр. «Бареа» стадионының кіре берісіндегі ығы-жығы адам бір-бірін итере бастаған. Ақыры бір-бірін таптағандар стадионға лап қойған. Салдарынан 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Orange Actu Madagascar порталының ақпаратына сәйкес, кем дегенде 80 адам зардап шекті.

Көп адам ауруханаға жеткізілген, тіпті кейбірі отаны қажет ететіні де нақтыланады.  

Полиция тым көп адамның жиналғанын бірден ескертіп, көптеген көрерменге үйде болуды сұраған. Алайда, олар нұсқаулықты орындамай, есесіне полиция үлкен тобырға ие бола алмай қалған. 

Кейінірек Мадагаскар билігі оқиға кезінде зардап шеккендердің барлығына көмек көрсетілетінін, олардың емделу шығындарын өз мойнына алатынын мәлімдеді.

 

Серіктес жаңалықтары