Елімізде 219 мың көлік заңдастырылды - ІІМ

Аягөз Құрмаш

Тіркеу үшін бастапқы алым 200 мың теңгеге тең

Елімізде 219 мың көлік заңдастырылды - ІІМ

ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Әбілекұлы Сұлтанбаев 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру туралы баяндады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Өздеріңізге белгілі, Ішкі істер министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру аясында 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстанға әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруда.Осы тапсырманы орындау мақсатында 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді бастапқы тіркеу үшін 200 000 теңге алым мөлшерін айқындау бөлігінде (салық кодексі) және утиль алымын төлеуден босату бөлігінде қажетті заңнамалық өзгерістер енгізілді (Экологиялық кодекс)»,-деп атап өтті Кайсар Сұлтанбаев.

Ол атағандай, заңдастыру кезінде Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген талаптарды нақты басшылыққа алды.

«Бекітілген Қағидаларға сәйкес заңдастыруға өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 23 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 шілдеге дейін жүзеге асырылды. Бұл ретте өтінімді уақтылы берген және белгіленген мерзімде автомобильдерді заңдастырып үлгермеген Қазақстан азаматтарына оларды заңдастыру құқығы ағымдағы жылдың 1 шілдесінен кейін беріледі. Барлығы 219 мың автокөлік заңдастырылды. Заңдастыру кезінде Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген талаптарды нақты басшылыққа алды», - деді ол.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.