$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.08.2023, 09:47
Қоғам

Алматы облысында 1,3 млрд теңгенің 2 млн темекі қорабы жойылды

Олардың акциз сомасы төленбеген болып шықты

Алматы облысында 1,3 млрд теңгенің 2 млн темекі қорабы жойылды

Акциздік төлемсіз астыртын сатуға арналған 2 млн аса шетелдік темекі қораптары сақталған қойма ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Тергеп-тексеру барысында темекі өнімдерінің құны 1,3 млрд теңгені, ал төленбеген акциз соммасы 580 млн теңгені құрайтыны анықталды.

Қылмыстық іс сотқа жолданып, темекі өнімдері ел аумағында сатуға жарамсыз болғандығына байланысты (техникалық талаптарға сәйкес келмеуі) жойылды.

«ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.Қаржылық мониторинг агенттігі ел азаматтарының денсаулығына орны толмас зиян келтіретін қылмыстарды анықтау және жолын кесу жөніндегі белсенді жұмысты жалғастыратын болады», - деп хабарлады ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары