19.07.2023, 00:16
Қоғам
Юлия Путинцева Будапешт жарысын сәтті бастады
Қазақстандық теннисші 2021 жылы Будапеште чемпион атанған еді
Қазақстанның екінші, әлемнің 60-ракеткасы Юлия Путинцева Будапешт (Мажарстан) WTA 250 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 295-орында тұрған украиналық Катерина Володькомен шеберлік байқасты.
Бәсекені украиналық теннисші қарқынды бастады – 6:1.
Одан кейін Ю. Путинцева қарымта қайтара алды – 6:2, 6:1. Ол екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта 2 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Қарсыласы 5 брейкпен (7 брейк-пойнт) шектелді.
Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 88-ракеткасы, америкалық Клэр Льюмен таласады.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды