$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.07.2023, 22:39
Қоғам

СҚО-да төрт күнде 25 ішімдік ішкен жүргізуші ұсталды

Жыл басынан бері облыста 127 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 17 адам мерт болған және 179-ы жарақат алған

СҚО-да төрт күнде 25 ішімдік ішкен жүргізуші ұсталды
Фото: kaz.zakon.kz

Солтүстік Қазақстан облысында жарты жылда 500 алкогольді ішімдік ішкен жүргізуші ұсталды. Ішімдік ішкендер 11 апат жасап, 4 адам қаза тапты және 15-і жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде төрт күн бойы «Мас жүргізуші» жедел-профилактикалық шарасы жүріп жатыр. Осы уақыт ішінде рульге ішкен күйде отырған 25 солтүстікқазақстандық анықталған.

«Облыс жолдарында барлығы 1 502 рет жол ережесі бұзылғаны анықталды. Оның ішінде 200 факті қауіпсіздік белбеуін пайдаланбау, 194 жылдамдық асыру және 119 рульде телефон қолдану бар. Бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырылған бес адам көлік жүргізген. Шараға күн сайын 370 офицер қатысты», - деді жергілікті полиция басқармасы бастығының орынбасары Григорий Тыш.

Жыл басынан бері облыста 127 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 17 адам мерт болған және 179-ы жарақат алған.

Серіктес жаңалықтары