$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.07.2023, 10:03
Қоғам

Мобильді интернет жұмыс істемейді: Kcell абоненттері арызданып жатыр

Тұрғындар интернет арқылы жол ақысын да төлей алмаған

Мобильді интернет жұмыс істемейді: Kcell абоненттері арызданып жатыр

Kcell байланыс желісін қолданатын елордалық тұрғындар таңертеңнен интернетке қосыла алмай жатқанын жеткізді, деп хабалайды Azattyq Ruhy.

Компанияның әлеуметтік желідегі парақшасының астына наразылық білдіргендер қатары көп.

«Астана бойынша таңертең барлығында интернет жұмыс істемейді. Жұртты жұмысынан қалдырдыңыздар. Мен таңертең такси шақыра алмадым, тапсырысымды да ала алмадым.  Таң атқалы шарасыз халде отырмын, жұмыста «Ақтив» ұялы байланысына қосылғандардың бәрінде интернет жоқ. Ал Beeline жақсы жұмыс істеп тұр», - деп жазды пайдаланушылар.

Елрдалықтар тіпті автобуста жол ақысын төлей алмағанын айтады.

«Таңертең интернет істемегендіктен, жол ақысын төлей алмадым. Танысымды кездестіріп, соған төлеттім. Жіберілген СМС-хабарламалар да маған жетпей тұр», - деп шағымданды елордалық тұрғын.

Компания бұған қатысты түсініктеме де берді.

«Компания қызметкерлері Қазақстанның солтүстік және шығыс бөліктеріндегі бірқатар қалада деректерді беру сервисінің жоқ екенін анықтады. Қазіргі уақытта біздің мамандар сервистің жұмысын тезірек қалпына келтірудің себебін анықтап жатыр», - деп хабарлады Kcell.

Серіктес жаңалықтары