$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Егіншілерге дизель отыны қаншадан сатылып жатыр

Оларға дизель отыны автожанармай құю станциясындағы бағадан 31 пайызға төмен сатылып жатыр

Егіншілерге дизель отыны қаншадан сатылып жатыр
Фото ашық дереккөзден

Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев егіншілерге сатылған дизель отынының бағасы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мәселен, көктемгі егіс жұмыстарына өткен жылы – 400 мың дизель отыны бөлінсе, осы жылы 419 мың тонна бөлінді. Осы жылы Энергетика министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен, әкімдіктермен және «ҚазМұнайГазбен» бірлесіп біркелкі жеткізу графигін дайындады. Өткен жылы айына 20 мың тоннадан 152 мың тоннаға дейін ауытқыса, осы жылы айына 81 мың тоннадан 117 мың тоннаға дейін біркелкі жеткізілді», - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Министр атағандай, осы біркелкі жеткізу графигі жанармай құю станцияларына көбірек дизель отынын жіберуге мүмкіндік берді.

«Егіншілер үшін дизель отынының бағасы – 1 тонна үшін 222  мың теңге немесе 1 литр үшін 184 теңге. Егер дизель отынын жеткізу бойынша операторлардың шығыстарын ескеретін болсақ, онда егіншілерге жеткізу кезіндегі орташа баға 1 литр үшін 204 теңге болады. Бұл автожанармай құю станциясындағы бағадан 31 пайызға төмен», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары