05.06.2023, 08:10
Қоғам
Бүгін бірқатар аймақта 41 градусқа дейін ыстық болады
Синоптиктер осыған байланысты ескерту жасады
Фото: neonomad.kz
5 маусымда Қазақстанның бірқатар өңірінде 41 градусқа дейін ыстық болады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Қазгидромет-ке сілтеме жасап.
- Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жео соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 36 градус қатты ыстық болады.
- Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында 41 градус өте қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
- Атырау облысының батысында нөсер жаңбыр, бұршақ жауады, найзағай ойнайды. Солтүстіктен оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың шығысында 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38 градус қатты ыстық болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
- Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың шығыс жартысында төтенше өрт қаупі бар.
- Абай облысының оңтүстігінде жел солтүстік-шығыстан 15-20 м/с соғады. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық болады.
- Павлодар облысының басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық болады және төтенше өрт қаупі бар.
- Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстік батысында төтенше өрт қаупі бар.
- Маңғыстау облысының батысында тұман түседі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38 градус қатты ыстық болады, төтенше өрт қаупі бар.
- Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 39 градусқа дейін қатты ыстық сақталады.
- Қызылорда облысында 40 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Көп оқылған
10.07.2026, 14:17
Оралда полиция қызметкерлері өрт болған үйге дереу жетіп, 15 адамды құтқарып қалды (ВИДЕО)
10.07.2026, 15:51
Аршалыда шизофрениямен ауыратын ер адам анасын, жиенін, тағы екі туысын асқан жауыздықпен өлтірді
10.07.2026, 21:31
Тәулігіне 100 мың: Қазақстандық Бурабайдағы демалыс аймағының қызмет көрсету сапасына шағымданды
10.07.2026, 15:21
«КыздарНет» ісі: сутенерлік желіні ұйымдастырғандар 10 жылға сотталды
10.07.2026, 13:00
Жүргізушілерге ескерту: Қазақстанда тағы 5 тасжолға орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізілді
10.07.2026, 16:59
Алматыдағы кафеде ер адам танысының мойнына пышақ сұғып алды