$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.05.2023, 15:15
Қоғам

Шымкенттегі мектеп 232 мың теңгеге бір доп сатып алмақ болған

Антикор бұл сатып алудың алдын алып, бюджеттің 2,2 млн теңгесін үнемдеп қалды

Шымкенттегі мектеп 232 мың теңгеге бір доп сатып алмақ болған
Фото ашық дереккөзден

Қаладағы №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы бір баскетбол добын 232 мың теңгеге, волейбол добын 42 мың теңгеге сатып алғысы келген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин Facebook парақшасында жазды.  

Оның жазбасына сенсек, Шымкенттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұл сатып алудың алдын алып, бюджеттің 2,2 млн теңгеден астам қаражатын үнемдеп қалған.

«Қалалық білім басқармасының «№90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы» КММ мемлекеттік сатып алу жоспарында 2,7 млн бюджет қаражатына 20 доп алуды бекіткен. Тауардың әрбір бірлігі 2-ден 10 есеге дейін асыра бағаланып есептелген. Мемлекеттік мекеме баскетбол добын 232 мың теңгеге, ал волейбол добын 42 мың теңгеге сатып алуды жоспарлаған», - деп хабарлайды Ерғарин.

Департамент мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атына жоспардың тармағын қайта қарау туралы ұсыныс хат жолдады. Нәтижесінде 2,2 млн теңгеден астам қаржы үнемделген.

Серіктес жаңалықтары