$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.05.2023, 15:58
Қоғам

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

Оған «қаңтар оқиғасы» кезінде жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды және оларға қатысты деген айып тағылып отыр

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды
Фото: instagram.com/kudaibergen_kairat

Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 21 мамырына дейін ұзартты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 17 сәуірдегі ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Қ.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзартуын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Яғни, 2023 жылдың 21 мамырына дейін», - делінген сот мәліметінде.

Еске салайық, Қайрат Құдайберген 2022 жылдың 21 сәуірінде ұсталған болатын. Ол 2022 жылдың қаңтарында жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды және оларға қатысты деген күдікке ілінді. Тергеу дерегінше, Құдайберген Алматыда Арман Жұмагелдиевпен бірге «Қазақстан» қонақүйінде бас қосу ұйымдастырып, Жұмагелдиевтің төңірегіне топтасып, оны қолдауға шақырып, билікке ортақ талаптар қойған.  

Серіктес жаңалықтары