WhatsApp пайдаланушылары екі миллиардтан асты
Хат-хабар алмасу платформасы құпияны сақтауға уәде етеді
"Facebook-қа тиесілі WhatsApp осындай межеге жеткен әлемдегі екінші әлеуметтік платформа болды. Оның 2 миллиард қолданушысы бар", - деп хабарлады әлемдік БАҚ.
WhatsApp әкімшілігі пайдаланушылардың санын қалай есептегенін нақтылаған жоқ. Facebook 2014 жылы мобильді хабар алмасу стартабын 19 миллиард долларға сатып алған болатын. Бұл кезде пайдаланушылардың саны 500 миллион еді.
"Facebook - Instagram және WhatsAp сынды жылдам өсіп келе жатқан компаниялардың табысын арттыруға тырысады. Тіпті WhatsApp-ты коммерциялық тұрғыда монетизациялауды жоспарлап отыр", - деп түсіндірді компания.
Дегенмен, жақында американдық БАҚ Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос WhatsApp-та құжат жүктемек болғанда, оның телефонының істен шыққанын жазды. Ал Facebook әкімішілігі хат алмасу кезінде құпиялылықты сақтауға уәде етіп отыр.