Алматыда Қара майорды қаруластары еске алды
Ауған соғысының ардагері Борис Керімбаев тура 1 жыл бұрын өмірден озған еді
Осыдан тура 1 жыл бұрын, 12 ақпанда арнайы мақсаттағы 177-ші жеке бөлімшенің командирі болған Ауған соғысының ардагері Борис Керімбаев өмірден озған еді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Ол «Қара майор» немесе «сұсты майор» лақап атымен танымал болған. Жауынгерлік лақап аты – «Паджшер королі», «Қара майор», екіншісі Ауғандағы екінші «мұсылман» батальонының командирі қызметінде жүргенде таңылған.
Борис Керімбаев үшін арнайы мақсаттағы 177-ші жеке бөлімшенің командирі лауазымы өмірінде маңызды орын алды. Бұл құрылымның екінші аты «Мұсылмандар жасағы» деп те аталған. Аталмыш жасақтың мақсаты - барлау жұмыстарын және басқа да операцияларды ұйымдастыру, ашық соғыс алаңдарында қарсыласу. 8 айға жуық уақыт бойы «Панджшер арыстаны» аталып кеткен 177-ші жасақ Масудта моджахедтердің шабуылының бетін қайтарған. Нәтижесінде, олар 40-шы армиямен келісімге келуге көндіріп, Ауған жерінен жеңілмеген күйі кетті. Ал «Қара майор» мәңгіге «Панджшер королі» деген атақты иеленді. Қазіргі әскери қызметшілер аты аңызға айналған офицердің рухын құрмет тұтады.
Қорғаныс министрінің бұйрығымен Алматыда орналасқан ҚР Қарулы Күштеріне қарасты әскери бөлімге полковник Борис Керімбаевтың аты берілді. Алматы облысындағы Райымбек ауылында сол кісінің құрметіне ескерткіш орнатылған, ал 1979-1989 жылдары КСРО Қарулы күштері құрамында Ауғанстан аумағындағы қақтығысқа қатысқан қазақстандықтардың экспозициясы қойылған Армия үйінің әскери-тарихи мұражайында Борис Керімбековке бүтін бір бұрыш арналған.
Әмірболат Құсайынұлы, Алматы