$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.05.2022, 04:01
Қоғам

Қазақстанда «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы басталды

Жобаның мақсаты – жас қазақстандықтардың Тәуелсіздік жылдарында жеткен кәсіби жетістіктерін дәріптеу

Қазақстанда «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы басталды
фото: inbusiness.kz

Әлеуметтік жобаны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақстандық даму қауымдастығы» ЗТБ жүзеге асырады. Жобаға еліміздің әр өңіріндегі жоғары сынып оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жоба аясында Тәуелсіздік жылдарында жетістікке қол жеткізген қазақстандықтардың қатысуымен әр түрлі форматтағы шаралар өткізіледі. Әр өңірде «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы лауреаттарының қатысуымен нетворкинг және тәжірибе алмасу, пікірталас алаңдары құрылып, шеберлік сыныптары, семинар-тренингтер ұйымдастырылады», - деді жобаны таныстырған жоба менеджері Эльвира Сәрсенәлиева.

Қыркүйекте «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы аясында Нұр - Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларында «Болашақ Қазақстан менің көзіммен» атты ТEDx-конференциясы өтеді.

«Бұл іс-шараларда жастардың ең белсенді self - made өкілдері мемлекеттің дамуы мен маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысты өз көзқарастарын ұсынады», - деп атап өтті Эльвира Сәрсенәлиева.

Әрбір ТEDx-конференциядан кейін  жастардың бір-бірімен танысуына, тәжірибе алмасуына, олардың бастамаларын талқылауға мүмкіндік беретін нетворкинг-кездесулер ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, «Қазақстандық даму қауымдастығы» ЗТБ Жастар ресурстық орталықтарымен бірлесіп, «Шешендік өнер», «Қаржылық сауаттылық», «Тайм-менеджмент», «Креативті индустрия», «Блогты жүргізу», «Салауатты өмір салты» тақырыптарындағы оффлайн-шеберлік сағаттарын өткізбек.

Сонымен қатар, жоба ұйымдастырушылары қазақстандық талантты жастардың қатысуымен бейне-подкасттарды әзірлейді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Жастар #жоба