ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 820 адам коронавирус жұқтырған

Шымкент әкімі астанадағы жиналысқа пойызбен келе жатыр

Елорда әуежайындағы рейстердің бәрі кейінге қалдырылған

24 қаңтарда Нұр-Сұлтанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Айтулы жиынға Шымкенттің су жаңа әкімі Мұрат Әйтенов әдеттегідей ұшақпен емес, пойызбен келе жатыр.

Әкімнің «Тальго» пойызының купесінде отырған фотосуреті WhatsApp мессенджері арқылы тарады. Онда Мұрат Әйтенов қолындағы қағаздағы мәліметтерді оқып отырғанын аңғаруға болады.

Айта кетейік, ауа райының бұзылуына байланысты Нұр-Сұлтан әуежайына келуі тиіс және қаладан ұшуы тиіс рейстер кейінге шегерілді. Синоптиктер екпінді жел астанада тағы екі күнге созылатынын айтып отыр.

Ал, Мұрат Әйтенов Шымкентке әкім болып 21 қаңтарда тағайындалды. Ол бұған дейін қаланы 5 айдай басқарған Ерлан Айтахановты алмастырды.

Сондай-ақ кейбір БАҚ-та жақында ғана Павлодар облысына әкім болып тағайындалған әкімі Әбілқайыр Сқақов та Нұр-Сұлтанда өтетін жиынға электр пойызымен келе жатқаны жарияланды.