$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.12.2021, 20:25
Қоғам

Елорда әкімдігі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына талдау жүргізеді

Ол үшін әкімдік жанынан арнайы комиссия құрылған

Елорда әкімдігі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына талдау жүргізеді

Елордада қала әкімінің орынбасары Асқар Амриннің төрағалығымен азық-түлік тауарларына баға белгілеудің барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Комиссия құрамында монополияға қарсы органның, Экономикалық тергеу департаментінің, Нұр-Сұлтан қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің және т.б. өкілдері болды.

Елордалық монополияға қарсы орган Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп азық-түлік ритейлі нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жүргізілген талдау туралы баяндады.

Сауда объектілерінің, атап айтқанда, көкөніс базарларының, үй жанындағы дүкендердің және Нұр-Сұлтан қаласының басқа да сауда объектілерінің қызметінде тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасау белгілерін белгілеу бойынша іс-шаралар өткізілді. Осы талдауға жататындар қатарында METRO, Galmart, Small, Фермаг, Азат, Гүлжан желілері бар.

Анықталған бұзушылықтар Комиссияның қарауына шығарылады. Кәсіпкерлердің іс-әрекеттерінде сауда қызметі саласындағы заңнаманы бұзушылық белгілері анықталған кезде тиісті шаралар қабылданады. Айта кетейік, комиссия отырысы апта сайын өткізіледі.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Астана #баға