Астанада алғаш рет жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды

Azattyq Rýhy

Жастар мен жергілікті тұрғындар өтініштерінің 80-90%-ы тұрғын үй және жұмысқа орналасуға қатысты

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елордалық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Астана жастары» КММ бастамасымен Нұр-Сұлтанның төрт ауданында алғаш рет жастарға қызмет көрсету орталығы іске қосылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елордадағы алғашқы Жастарға қызмет көрсету орталығы пилоттық режимде 2021 жылғы 1 маусымда Сарыарқа ауданындағы Гете көшесі, 1 (ескі вокзал маңында) ашылды.

Орталыққа келіп түскен өтініштер бойынша сұраныстардың көптігіне байланысты ағымдағы жылдың қараша айында басқа аудандарда ЖҚКО ашылған болатын: Есіл ауданы - Е-11 көшесі, 10 үй мекенжайы бойынша «Базар» СҮ, «Алматы» ауданы – Сәтпаев көшесі, 13а үй мекенжайы бойынша «Alcato» БО, «Байқоңыр» ауданы - Алаш тас жолы, 34/5 үй мекенжайы бойынша «БигШанхай» базарында орналасқан. Орталықтар дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін, сенбі және жексенбі демалыс күндері жұмыс істейді.

Мұнда мына мәселелер бойынша кеңес алуға болады:

Кәсіптік бағдарлау және жұмысқа орналастыру;

  • Волонтерлерді қабылдау;
  • Тұрғын үй бойынша мемлекеттік бағдарламалар;
  • Жастар бастамаларын қолдау (бизнес ашу, іс-шаралар ұйымдастыру, жобаларды қолдау);
  • Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану (спорттық секциялар және шығармашылық үйірмелер).

Жастар мен жергілікті тұрғындар өтініштерінің 80-90%-ы тұрғын үй және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша болды. Бүгінгі таңда қараша айынан бері ЖҚКО 800-ге жуық жасты қабылдап, оларды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар бойынша консультациялық көмек көрсетті.

Орталықтардың жұмысы туралы қосымша ақпаратты мына телефон нөмірлеріне хабарласып алуға болады: +7 708 392 72 11 – Олжас, +7 747 190 96 93.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.