Жыл басынан бері елордада 245 адам дағдарыс орталығына жіберілді
Оның 77-сі әйел және 168-і бала
Нұр-Сұлтан қаласында жыл басталғалы 245 адам дағдарыс орталығына жіберілді, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Департамент ұсынған деректерге сүйенсек, дағдарыс орталықтарына жіберілген 245 адамның 77-сі әйел және 168-і бала.
«Отбасылық зорлық-зомбылық құрбандарын уақытша оқшаулау шарасы қарастырылған. Ол үшін қала әкімдігі мен үкіметтік емес ұйымдар жанынан дағдарыс орталықтары құрылды. Ол жерде тұрмыстық жәбір көрушілерге психологиялық, әлеуметтік, құқықтық және басқа да қажетті көмек көрсетіледі. Елордада жыл басынан бері дағдарыс орталықтарына 245 адам жіберілді. Оның 77-і әйел және 168-і бала», - делінген хабарламада.
Осы орайда Полиция департаменті адам денсаулығына қасақана зиян келтіру және ұрып-соғу фактісі бойынша 20 тәулікке дейін қамауға алынатынын ескертеді.
Айта кетейік, биыл елордада отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты 14 мыңнан астам шағым түскен.