ШұғылЕлімізде тағы 7778 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда 12 млн тұрғын электрондық қызметтерді пайдаланады

Бағдат Мусин «ҰАТ» АҚ ұжымын Электрондық үкіметтің 15 жылдығымен құттықтады

 

 

Бағдат Мусин «ҰАТ» АҚ ұжымын Электрондық үкіметтің 15 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Осыдан тура 15 жыл бұрын, 2006 жылғы 12 сәуірде eGov.kz өз жұмысын мемлекеттік басқару органдарының ел халқымен цифрлық кеңістіктегі өзара іс-қимылының мехнизмі ретінде бастады. Бүгінде, халықтың 62%-ы, бұл шамамен 12 миллион қазақстандық электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдаланады.

Жыл сайын электрондық үкіметтің қолжетімді қызметтерінің саны артуда, олардың ішінде халық үшін әлеуметтік маңызы бар қызметтер, бизнес үшін қызметтер, төлемдер мен пайдалы сервистер, композиттік және проактивті қызметтер, сондай-ақ лицензиялар мен рұқсат беру құжаттары бар.

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өткен жыл мемлекеттік басқарудың барлық үдерістерін цифрландыру бағытындағы жүргізілген жұмыстың қаншалықты маңызды екенін көрсетіп, электрондық үкіметті дамытуға қосымша серпін бергенін атап өтті.

«Бір жыл ішінде ЭЦҚ қашықтықтан алу, жеке куәлікті ресімдеу, автокөлікті тіркеу, білім беру мекемелеріне құжаттарды қабылдау және 30-дан астам әлеуметтік-маңызды қызметтер мүмкіндігін іске асырдық. «Электрондық өтініштер» сервисі арқылы 20-дан астам қызмет қолжетімді болды. Ауқымды жұмыс атқарылды! Мен барлық қызметкерлерді мерейтоймен құттықтап, оларға және олардың отбасыларына зор денсаулық және жаңа кәсіби жетістіктер тілеймін!», - деді министр.

Қазіргі кезеңде eGov.kz порталында қазақстандықтар мемлекеттік қызметтердің 91%-ын ала алады. Бұдан басқа, заманауи қоғамның қажеттіліктерін ескере отырып, eGov десктопиялық нұсқасынан кері отырып, қызметтерді ұсынудың қосымша тәсілдеріне көбірек көңіл бөлінуде. Осылайша eGov Mobile қосымшасында цифрлық құжаттар, денсаулық паспорты, зейнетақы калькуляторы және электрондық еңбек биржасы сияқты 91 қызмет пен 4 сервис қолжетімді, ал биометрияны пайдалана отырып, қосымшада ЭЦҚ-ны бірнеше минут ішінде тіркеуге және алуға болады. Telegram, Facebook және ВКонтакте мессенджерлері арқылы 22 қызметке тапсырыс беруге болады. 2020 жылы барлық арналар бойынша 60 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді.