Елорданың бас санитары Рамазан айы қарсаңында тұрғындарға үндеу жасады
Биыл Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады
Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова Рамазан айы қарсаңында қала тұрғындарына үндеу жасады.
«Рамазан айы жақындап келеді. Қаланың тұрғындарының бәрінен мереке күндері түсіністікпен қарап, карантин режимін қатаң сақтауды сұраймыз. Халықтың рухани, діни көзқарасына құрметпен қараймыз. Алайда коронавирус бәрінің денсаулығына қауіп төндіреді», - деп ескертті ол.
Сондай-ақ Сархат Бейсенова шектеу шараларын сақтауға және ұжымдық іс-шараларды, оның ішінде үйде жиын өткізбеуге кеңес берді.
«65 жастан асқан адамдар тәуекел тобына жатады. Осыған байланысты қасиетті ай кезеңінде ауызашарды тек отбасы ортасында өткізу ұсынылады. Пандемия кезінде әлеуметтік арақашықтықты сақтау маңызды екенін ұмытпаңыз», - деді бас санитар.
Биыл Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. Рамазан айы 30 күнге жалғасады:13 мамыр – Ораза айт күні, 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – Қадір түні.