ШұғылКоронавирус пен КВИ пневмониясынан бір тәулікте 32 қазақстандық қайтыс болды

Түркістанда 1 мыңнан астам адамның қатысуымен сенбілік өтті

Халықаралық әуежай бағытындағы 30 шақырымнан астам жол бойы қоқыстан тазартылды

Түркістанда 1 мыңнан астам адамның қатысуымен сенбілік өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан қаласын көгалдандыру және санитарлық тазалықты сақтау мақсатында облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаевтың қатысуымен сенбілік шарасы өтті. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы ұйымдастырған тазалық жұмыстарына аудан қалалардағы «Ветеринарлық қызмет», «Тұран су», «Бөген арнасы», «Ырыс» МҚҰ, «Оңтүстік» АИО», «Түркістан» ӘКК АҚ мекемелерінің филиалдарынан жалпы саны 1369 азамат атсалысты.

«Жер тегістейтін 10 дана техника, қоқыс жинауға арналған 10 жүк көлігі жұмылдырылды. Сенбілік жиын барысында Халықаралық әуежай бағытындағы 30 шақырымнан астам жол бойы қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар, жаңадан отырғызылған ағаш көшеттері түгел әктелді», - делінген хабарламада.

Ұйымдастырушылар көктем мезгілінде мұндай шаралар жиі өткізілетінін мәлімдеді. Алдағы уақытта Түркістан қаласының өзге де аумақтарында жұмыстар атқарылатынын жеткізді.