ШұғылҚазақстанда коронавирусты қайта жұқтыру бойынша 800-ге жуық жағдай тіркелді

2020 жылы Қазақстанда 400 мыңнан астам бала дүниеге келді

1987 жылғы рекорд  417,1 мың адам болған

Фото: ашық дереккөзден

2020 жылы Қазақстанда 400 мыңнан астам бала дүниеге келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

2020 жылғы қаңтар-желтоқсандағы алдын ала деректер бойынша, елімізде 425,6 мың нәресте дүниеге келді. Бұл 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 22,6 мың адамға немесе 5,6 пайызға және 1987 жылмен салыстырғанда 8,5 мың адамға немесе 2 пайызға (туғандар саны бойынша алдыңғы рекорд 417,1 мың адам болған) көп.

2020 жылдың 12 айында қалалық жерлерде туғандар саны – 248,7 мың адам немесе 58,4 пайыз, ауылдық жерлерде 176,9 мың адам немесе 41,6 пайыз болды. Дүниеге келген сәбилердің жартысынан көбі еліміздің 6 облысында, атап айтқанда, Түркістан (14,4%), Алматы облыстарында (12,7%), Алматы (8,3%), Шымкент (7,4%), Нұр-Сұлтан (7%) қалаларында және Жамбыл облысында (6,9%) тіркелген.