ШұғылАналық капитал: депутаттар дүниеге келген әр сәбиге 4,2 млн теңге төлеуді ұсынды

Зейнетақы жинағын алу бойынша 20 мыңнан астам адам өтініш берді

Өтініш берушілердің басым бөлігі иптокелық қарызын өтеуді көздейді

Azattyq Rýhy / Алиакпар Қадырбаев

23 қаңтардан бері қазақстандықтар зейнетақы қорындағы жинақтарының бір бөлігін алу үшін онлайн платформада өтініш беруді бастады. Бүгінде «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкiне 20 117 өтініш келіп түскен. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір 69 048 азамат аталған бағытта арнайы шот ашып үлгерген. Келіп түскен өтініштерде Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану мақсаттары төмендегідей:

  • Ипотекасыз сатып алу: 17%
  • Өзінің жақын туысына немесе жұбайына табыстау: 13%
  • «Отбасы банкінде» ипотекалық тұрғын үй займын алу: 8%
  • Алғашқы жарна: 6%
  • Өзгелері (құрылыс, қайта қаржыландыру,  жалға беру берешегін өтеу): 8%
  • Ипотекалық қарызды өтеу: 48%

Еске сала кетейік, 23 қаңтар күні enpf-otbasy.kz сайты арқылы азаматтардың өтініштерін онлайн түрде қабылдау жүйесі іске қосылды. Сонымен қатар, жуырда ғана екінші деңгейлі Halyk Bank та тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында БЖЗҚ-дан берілетін біржолғы зейнетақы төлемін мақсатты пайдалану жөніндегі уәкілетті оператор болып тағайындалды.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан