$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.12.2020, 18:40
Қоғам

Іле ауданында 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді

Тұңғыш президент күніне орай көпбалалы аналар, бюджеттік мекемелерде еңбек ететін мамандар үйлі болды

Іле ауданында 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді

Алматы облысына қарасты Іле ауданы орталығындағы Өтеген батыр кентінде 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспана кезегінде тұрғандарға арналған «5-10-20» бағдарламасы аясында жүзеге асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Тұңғыш президент күніне орай көпбалалы аналар, бюджеттік мекемелерде еңбек ететін мамандар үйлі болды. Салтанатты жиында аудан әкімі Бағдат Қарасаев пәтер иелеріне кілт табыстап, жаңа қоныстарымен құттықтады. Сондай-ақ жаңа пәтер иесі атанған көпбалалы Әубәкіровтар отбасынаның үйіне кіріп, сый-сияпат жасады.

«Баршаңызды Тұңғыш Президент күнімен және жаңа қоныстарыңызбен құттықтаймын! Отбасыларыңыздан береке-бірлік кетпей жаңа үйлеріңіздің іші ырысқа толы болсын! Жеке баспана әркімнің шағын мемлекеті. Ал,  баспаналы болу  кім үшін болса да үлкен қуаныш. Қуаныштарыңыз  жақсылыққа ұласа берсін! Егеменді еліміздің іргесі аман, аспанымыз ашық  болсын!», –  деді әкім Бағдат Қарасаев өз құттықтауында.

Сондай-ақ, биыл Алматы іргесіндегі Боралдай кентінде бюджет қаражатына инженерлік желілер тартылып, жеке  кәсіпкерлер есебінен 130 пәтерлік 3 тұрғын үй пайдалануға беріледі.

Серіктес жаңалықтары