Өскеменде халықаралық иттер байқауы өтеді

Байқауға ит иелері ғана емес, үй жануарларын асырағысы келетіндер де келе алады

Өскеменде халықаралық иттер байқауы өтеді

Өскеменде 11 қазан күні өтетін жарыста адамның төрт аяқты досы бірнеше номинация бойынша сайысқа түседі, деп хабарлайды Алтайньюс.

Іс-шараның ұйымдастырушысы – «Аякс» қалалық кинологиялық клубы. Ит иелері жарысқа қатысу үшін алдын ала тіркелуі керек. Байланыс телефондары: 8-705-418-03-21, 8-700-543-34-56, 8-702-791-66-74.

«Халықаралық байқауға ит иелері ғана емес, үй жануарларын асырағысы келетіндер де келе алады. Жарыс күні әртүрлі иттерді өз көздерімен көріп, оларды салыстырып, иелерімен сөйлесіп, өзіңізге ұнайтын тұқымды таңдауға болады. Көрермендерге тіркелудің қажеті жоқ, 11 қазанда сағат 10.00-де Бажов көшесі, 14а мекенжайына келсе болғаны», - делінген хабарламада.

Дегенмен, шараны ұйымдастырушылар пандемиялық ахуалға байланысты жағдай күрт өзгеруі мүмкін екенін атап өтті. Сондықтан көрмеге қатысушы ретінде де, көрермен ретінде де келу үшін алдымен ұйымдастырушыларға қоңырау шалып, байқау өте ме, жоқ па, біліп алған жөн.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.