$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.09.2020, 10:17
Қоғам

Шымкентте 600 млн теңгеге жалған шот-фактура жазған қылмыстық топ мүшелері сотталды

Олар жазасын түрмеде өтемейді

Шымкентте 600 млн теңгеге жалған шот-фактура жазған қылмыстық топ мүшелері сотталды
shymkent.sud.kz

Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері «біркүндік» компаниялар ашып, жалған шот-фактура әзірлеумен айналысатын қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.

Ұсталған азаматтардың 600 миллион теңгеден астам сомаға шот-фактура әзірлегені анықталды.

«Қала аумағында бір топ азаматтың алдын ала сөз байласып, аса ірі көлемде іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей шот-фактура жазумен айналысқаны анықталды. Атап айтқанда, алдын ала сөз байласқан 4 азамат 615 млн теңгені құрайтын жалған шот-фактураларды жазу үшін 40 млн теңге, яғни жалпы соманың 6,5%-ын сыйақы ретінде алу үстінде ұсталды», - делінген аталған хабарламада.

Шымкент қаласы Абай аудандық сотының үкімімен,  айыпталушылар ҚР ҚК 216-бабының 3-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылып, оларға 3 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары