$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.09.2019, 10:27
Қоғам

Соңғы бір жыл ішінде өнеркәсіп секторындағы жалақы мөлшері 10% өскен

Қазақстанда өнеркәсіп саласында қызмет ететіндер республикалық орташа жалақы мөлшерінен үш есе көп алады.

Соңғы бір жыл ішінде өнеркәсіп секторындағы жалақы мөлшері 10% өскен
Фото: zakon.kz

Қазақстанда өнеркәсіп саласында қызмет ететіндер республикалық орташа жалақы мөлшерінен үш есе көп алады. Energyprom.kz берген мәліметке сүйенсек, олардың бір айлық жалақысы шамамен 248 мың теңге.

Соңғы бір жыл ішінде өнеркәсіп секторындағы жалақы мөлшері 10% өскен. Инфляцияны есепке алғанда олардың сатып алу қабілеті 5% артқан.

ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша, өнеркәсіп саласындағы қызметкерлердің тізімдік саны 655,6 мың адамға жеткен, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,8% көп. Ал, қызметкерлердің нақты саны 625,9 мың адам, олардың ішінде кен өндіру саласында - 192,6 мың, өңдеу саласында - 291,1 мың, электр және жылумен қамтамасыз етуде - 100,3 мың адам, сумен жабдықтау және су тарту саласында - 41,9 мың адам қызмет етеді.  

Өнеркәсіп саласындағы қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 247,6 мың теңгеге жеткен, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,6% көп. Ең көп жалақы алатындар тау-кен өнеркәсібінде істейтіндер -387,3 мың теңге, екінші орында өңдеу саласындағылар - 201,7 мың теңге жалақы алады. Ал, жалпы Қазақстан бойынша ең көп жалақы алатындар мұнай-газ саласында істейтіндер - 737,7 мың теңге.

Республика бойынша ең көп жалақы алатын өңірлер Атырау, Маңғыстау және БҚО секілді мұнайлы өлкелер.

Өнеркәсіп саласындағы қызметкерлердің айлық жалақысы әлі де өсуі мүмкін. Өйткені, ҚР Президенті Қ.Тоқаев тау-кен өндірісінен түсетін табыс көлемі көп болғанмен, онда қызмет ететіндердің айлығы өспей жатқанын айтып, Үкіметке осы мәселені шешуді тапсырған еді.

Серіктес жаңалықтары