Маңғыстау мен Астана ТЖД басшылары ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды
Өзге де ерлік пен жанқиярлық танытқан құтқару саласының қызметкерлері наградаларға ие болды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қызметтік міндетін атқару кезінде ерлік пен жанқиярлық танытқан құтқару саласының қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады. Олардың қатарында Төтенше жағдайлар министрлігінің өңірлік департамент басшылары, өрт сөндірушілер, құтқарушылар және әуе кемесінің командирі бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен:
Қуанар Базарбаев – Төтенше жағдайлар министрлігі Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы;
Марат Күлдіков – Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:
Данияр Анри – Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары;
Алексей Цуркан – Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы бөлімінің бастығы.
«Құрмет» орденімен:
Тимирлан Дзауров – Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының бас директоры;
Ерік Есмаханов – Төтенше жағдайлар министрлігі департаменті директорының орынбасары;
Елена Нарзиева – Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы.
«Ерлігі үшін» медалімен:
Дархан Байдекенов – «Барыс» республикалық құтқару қызметінің бас құтқарушысы;
Нұрсұлтан Жалғасов – Қызылорда қаласындағы №6 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы;
Дархан Рысбаев – Алматы қаласы Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушысы;
Александр Чеботкин – «Бурундайавиа» әуе компаниясының әуе кемесінің командирі.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен:
Әбдіхамит Аралбаев – Қызылорда облысындағы «Оңталап» шаруа қожалығының директоры;
Жанат Ибрагимов – Абай облысындағы «Ағайынды» шаруа қожалығының директоры.