Қазақстанда 400 мың «науқастың» картасы жүйеде ілініп тұрған – мемлекет 31 млрд теңгесін үнемдеп қалды
Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады
Денсаулық сақтау министрлігі цифрлық құралдардың арқасында 400 мың пациенттің ескі картасын анықтап, жүйеден алып тастаған. Осылайша, мемлекет осы адамдарға қатысты медициналық көмек пен дәрі-дәрмекке кететін 31 млрд теңгені үнемдеп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Бұл туралы бүгін, 1 қыркүйекте Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Жалпы, дереккөзге сүйенсек, цифрлық құралдардың арқасында негізсіз қызметтерге кететін шығын 7,1 пайызға азайған. Бұл тағы да 7 миллиард теңге үнемделген деген сөз.
«Денсаулық сақтау министрлігі пациенттің медициналық ұйымға жүгінуінен бастап медициналық ұйымға төлем жүргізуге дейінгі деректердің дұрыстығын қамтамасыз ететін тұтас тізбек жасап шығарды. Бірыңғай қойма деректердің негізгі көзі ретінде қызмет етеді, цифрлық сәйкестендіру пациенттің медициналық көмекке нақты жүгінгенін растап, жалған мәлімет енгізуге жол бермейді, форматтық-логикалық бақылау медициналық оқиғаны сақтауға дейін тексереді, ал бірыңғай төлем жүйесі көрсетілген көмектің көлемі мен сапасын тексереді», - деп хабарлайды ДСМ.
Жалпы, бұдан басқа, бағасы әдейі қымбат болған қызметтер мен дәрі-дәрмекке 10,6 миллиард теңге жұмсала жаздаған екен.