Бүгін, 08:27
Қоғам

Алаяқтар дәрігерге жазылу деген желеумен қазақстандықтарды алдауға кірісті

Осылайша олар азаматтардың жеке деректерін қолға түсіруге тырысады

Алаяқтар дәрігерге жазылу деген желеумен қазақстандықтарды алдауға кірісті
Фото: istockphoto.com

Қазақстандықтарға дәрігер қабылдауына жазылу деген желеумен шыққан жаңа алаяқтық схема туралы ескерту жасалды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеді,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Абай облысы полициясының мәліметінше, алаяқтар азаматтарға қоңырау шалып, өздерін медициналық ұйым қызметкерлері ретінде таныстырады. Олар дәрігер қабылдауына жазылуға немесе кезекке тұруға көмектесетінін айтады.

Қызметті растау сылтауымен алаяқтар SMS арқылы келген кодты айтуды сұрайды. Полиция мұндай кодтар жеке аккаунттар мен цифрлық сервистерге қол жеткізу үшін пайдаланылуы мүмкін екенін ескертті.

Осындай мәліметтерді бөгде адамдарға беру жеке деректердің таралуына және қаржылық шығындарға әкелуі ықтимал.

Құқық қорғау органдары мемлекеттік мекемелер мен медициналық ұйымдардың қызметкерлері азаматтардан SMS арқылы келген құпия кодтарды ешқашан сұрамайтынын еске салды. Сондықтан мұндай қоңыраулар түскен жағдайда әңгімені бірден тоқтату ұсынылады.