«Төрт ай ішінде үш әйел көз жұмды»: Әлназарова Жамбыл облысында ана өлімі азаймай тұрғанын мойындады
Ол жергілікті билікке шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды
Бүгін Жамбыл облысының медицина қауымдастығымен кездескен Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өңірдегі ана өліміне қатысты жағдайды қатаң сынға алып, мәселені шешу үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кеңес кезінде Әлназарова аймақта ана өліміне қатысты жағдай әлі толық шешілмегенін мойындады.
«Биыл төрт ай ішінде облыста босанғаннан кейін үш әйел көз жұмды. Босандыру қызметін көрсететін барлық ұйымдар тексерулермен қамтылғанына қарамастан, халықтан медициналық көмектің сапасына қатысты келіп түсетін өтініштер мен шағымдар саны әлі де көп», - деді Әлназарова.
Сондықтан, ол көз жұмған әрбір адамның қазасын жан-жақты тексеріп қана қоймай, одан сабақ алу керегін тапсырды.
Айта кетейік, біз наурыз айында Жамбыл облысында бір әйел босанғаннан кейін көз жұмғанын, ал, екінші әйелдің сәбиі шетінеп кеткенін жазған едік.