Тоқаев қызметтік борышын атқару кезінде қайтыс болған медицина қызметкерлерін марапаттады
Бүгін – Қазақстанда коронавирус пандемиясының құрбаны болған азаматтарды еске алуға байланысты Жалпыұлттық аза тұту күні
Мемлекет басшысы Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы» МКК бөлімше меңгерушісі Исаев Олег Николаевич (марқұм) және Ақтөбе облысы «Облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКК бас дәрігері Қозбағаров Қалихан Есбосынұлын (марқұм) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.
«Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен жанқиярлығы үшін: жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын», - делінген мәтінде.
Еске сала кетейік, бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 12:00-де республика бойынша коронавирус пандемиясының құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алу жарияланды.