Тоқаев пен өзге де лауазымды тұлғалар індеттен қаза болған азаматтарды құрметпен еске алады
Құрбандарға тағзым шарасын республикалық арналар тікелей эфир арқылы көрсетеді

Мемлекет басшысының өкімімен 13 шілде – Жалпыұлттық аза тұту күні болып белгіленген болатын. Осыған орай, түнгі сағат 00:00-ден бастап еліміздегі барлық Мемлекеттік Ту төмен түсірілді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
«Ал бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 12:00-де республика бойынша коронавирус пандемиясының құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алу жарияланды.
Жалпыұлттық аза тұту күніне орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен еліміздің өзге де лауазымды тұлғалары Ақорда резиденциясының алдында індеттен қаза болған азаматтарды құрметпен еске алады», - деп жазды ол.
Індет құрбандарын үнсіз еске алу рәсімі республиканың барлық аймағында өтеді. Құрбандарға тағзым шарасын республикалық арналар тікелей эфир арқылы көрсетеді.