$ 507.05  594.82  6.51
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.01.2026, 17:12
Қоғам

Енді Қазақстандағы банктер әскерде борышын өтеп жүрген сарбаздарға несие бермейді

Тиісті құжат жарияланды

Енді Қазақстандағы банктер әскерде борышын өтеп жүрген сарбаздарға несие бермейді
Фото: Pixabay.com

Қазақстанда банктер мен микроқаржы ұйымдарына мерзімді әскери қызметте жүрген сарбаздарға несие беруге тыйым салынады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Ашық НҚА» порталында қаулы жобасын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құжатқа сәйкес, Қорғаныс министрлігі мен кредиттік бюролар мерзімді әскери қызметке шақырылған әскерилер туралы ақпарат алмасады. Мәселен, әскерде жүрген адамның несиесі болса, оған кредит төлемін кейінге қалдыру мүмкіндігі беріледі. Сонымен қатар, оның кредит есебінде әскерде жүргені немесе қызметтен босатылғаны туралы мәліметтер көрсетіледі.

Сондай-ақ банктер мен микроқаржы ұйымдары әскер жасындағы адамнан кредит беру туралы өтінім түссе, олар оның кредиттік есебіндегі мәртебесін тексеруі қажет.

«Егер кредит есебінде оның мерзімді әскери қызметті өткеріп жатқаны туралы мәліметтер бар болса, банктер мен микроқаржы ұйымдары кредит беру туралы өтінімді қабылдамайды, яғни бас тартады», - делінген қаулы жобасында.

Құжат 3 ақпанға дейін қоғам талқысына шығарылды.