$ 507.05  594.82  6.51
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.01.2026, 11:35
Қоғам

Алматы облысында 47 жастағы марқұмның жүрегі, екі бүйрегі мен бауыры бірнеше адамға өмір сыйлаған

Дәрігерлер соның ішінде бір баланың өмірі үшін қатты қуанып отыр

Алматы облысында 47 жастағы марқұмның жүрегі, екі бүйрегі мен бауыры бірнеше адамға өмір сыйлаған
Фото: ДСМ

Алматы облысындағы көпсалалы клиникалық аурухананың дәрігерлері 1979 жылы туған адамның биологиялық өлімінен кейін оның бірнеше органын басқа адамдарға салған, деп жазады Azattyq Rýhy.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, ер адамның миы өлген. Дәрігерлер жақын туыстарымен сөйлесе келе бірнеше адам донор күтіп жүргенін, өмірден озған адамның органдары соларға өмір сыйлай алатынын айтқан.

«Туыстары келісім берген соң дәрігерлер қайтыс болған адамның екі бүйрегі, жүрегі, бауыры мен көз қабығын алып, донор күтіп жүрген бірнеше адамға салды. Соның ішінде, республика бойынша ағза күтіп жүрген бір бала бар еді», - деп жазады денсаулық сақтау министрлігі.

Денсаулық сақтау министрлігі марқұмның туыстарына шын жүректен алғыс айта отырып, қазір еліміз бойынша 4506 адам, соның ішінде, 123 бала донорға зәру екенін хабарлайды. Олардың көбі бүйрекке мұқтаж.