ШұғылҚазақстанда маусым айында пневмониядан 628 адам қайтыс болды

Түркістанда дәмханалар дәрігерлерге кешкі ас таратып жатыр

Облыста коронавирусқа шалдыққандар саны 846 адамға жетті

Түркістан қаласының қоғамдық тамақтану орындары бірлесіп, карантин режимінде жұмыс істеп жатқан дәрігерлерге кешкі ас таратуда, деп хабарлады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Олардың қатарында, «Наурыз», «Damdi», «Аспан Аксарай», «Малика», «Dauly Food», «NurHouse», «Ноши Мадоти», «Нилуфар», «Каратау 2», «Симсим», «Айкен», «Мо-Мо», «Биг-маг», «Алькаусар», «Мансар» сынды тамақтану орындары бар.

Түркістандық кәсіпкерлер күнделікті 100-ге жуық дәрігерге ыстық тамақ жеткізуде. Облыс орталығында орналасқан мейрамханалар мен кафе ұжымдары бірлесе ұйымдастырған шараға дәрігерлер қауымы ризашылықтарын білдіруде. Адам жанының арашасы болған жандарға және жомарт кәсіпкерлерге қала тұрғындары да дән риза. Ұйымдастырушылар аталған шара жалғасын таба беретінін жеткізді.

Сұхбат
Юрий Ким адамдарды жаппай егу нәтижесінде індет 2023 жылы тоқтауы мүмкін дегенді айтты
Бүгінге дейін облыста COVID-19  вирусын жұқтырған 613 адам тіркелді
Бүгін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары тоқтады