27.09.2025, 10:03
Саясат
Тоқаев Түрікменстан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Ол түрікмен халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедов пен барша түрікмен халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент жеделхатында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың даму қарқыны жоғары екенін атап өткен.
Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында мазмұны байи түскен ықпалдастықтың стратегиялық серіктестік рухына және қос халықтың мүддесіне толық сай келетініне тоқталған.
Қасым-Жомарт Тоқаев сан қырлы мемлекетаралық байланысты жан-жақты нығайтуға бейіл екенін растап, Сердар Бердімұхамедовтің бауырлас түрікмен халқының игілігі мен өсіп-өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Көп оқылған
31.03.2026, 10:25
«Бәріміз үшін осы дұрыс»: Жұлдыз Сүлейменова 1-сыныпқа баратын оқушыларға қатысты маңызды шешім қабылдады
31.03.2026, 07:20
Шымкентте дәріхана жанындағы кабинеттерде 4 адам қайтыс болды
31.03.2026, 14:58
Тәттіге құмар: Өскеменде ер адам дүкеннен 80 қорап «Merci» шоколадын ұрлаған (ВИДЕО)
31.03.2026, 12:16
Қазақ ғалымы ойлап тапқан ракқа қарсы дәрінің бағасы қанша болады – министр жауап берді