ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 263 адам коронавирус жұқтырған

Қостанайда кальян орталығының келушілері полицейден қашқан

Карантин режимін бұзған орталық иесі жазаға тартылады

Қостанай облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары 22 мамыр күні полицей қызметкерлерімен бірге карантин талаптарын бұзушыларды анықтаған. Бірақ олар СЭҚ қызметкерлерінен қашып, жасырынған.

«Қала орталығындағы қорқор нысаны жұмыс істеп, келушілерді қабылдаған. Полиция қызметкерлері мен СЭҚ қызметкерлерін көрген бетте келушілер демалыс орнынан артқы есік арқылы қашып кеткен. Мұндай тәртіп бұзушылықтар үшін кафе иелері жауап береді. Кәсікпкерлер ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-тармағы бойынша 200-ден 400 АЕК-ке дейін айыппұл түрінде әкімшілік сипаттағы жазаға тартылады», - деп жазылған COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарламасында.

Мониторинг топтары карантиндік режимді бұзушыларды анықтау жұмысын бұдан әрі де жалғастырады. Еске салсақ, Қостанай облысында 2020 жылғы 22 мамырдағы жағдай бойынша COVID-19 вирусын жұқтырған 115 адам тіркелген, оның ішінде 53 адам жазылып шықты.

Сұхбат
Бүгінге дейін ауылға көшу акциясына 4000 адамнан өтініш түcкен
Оның айтуынша, аралдан баспана алатындар саны жыл сайын артып келеді
Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақ даласынан 1,3 млн жауынгер аттанған