$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.11.2024, 15:52
Саясат

Петропавлда екі сепаратист «Instagram» және «TikTok»-тағы насихаты үшін сотталды (ВИДЕО)

Олар қауіпсіздігі орташа түрмеге қамалады

Петропавлда екі сепаратист «Instagram» және «TikTok»-тағы насихаты үшін сотталды (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Осы айда Петропавл қалалық соты екі сепаратисті түрмеге қамау туралы шешім қабылдады. Олардың бірі «Чат Рулетка» сайты арқылы Қазақстанның тұтастығына нұсқан келтіруді насихаттаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Дегенмен, ол «YouTube»-тегі осы видеосын өшіріп тастап, өз кінәсін мойындағысы келмеген. Алайда, Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы хабарлап отырғандай, оның тура сондай сипаттағы видеолары «Instagram» және «TikTok» желілерінде сақталып тұрған.

«Мұндай әрекеттерді жасағаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 180-бабына сәйкес бір ғана жазаны - бас бостандығынан айыруды қарастырады. Сотталғандар жазасын орташа қауіпсіз түрмеде өтейді», - деп хабарлады СҚО прокуратурасы.

Жалпы, дереккөзге сүйенсек, жыл басынан бері облыста ұлтаралық араздық пен сепаратизмді қоздыру фактілері бойынша 14 адамға қатысты 10 қылмыстық істі қаралған.

Серіктес жаңалықтары