$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

АӨСШК миссиясы референдумда мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалған жағдайды ерекше атап өтті

Байқаушылар халықты референдумның сәтті өтуімен құттықтады

АӨСШК миссиясы референдумда мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалған жағдайды ерекше атап өтті
Фото: Azattyq Ruhy

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) бас хатшысының орынбасары Чжан Лин миссияның референдум қорытындысына берген бағасын айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

АӨСШК миссиясының байқаушылары референдумға дайындық пен оны өткізу ұлттық заңнамаға сәйкес өткенін атады.

«Референдум халықаралық стандарттарға сай өтті. Халық референдумға дайындық пен өткізу іс-шаралары жайлы жақсы ақпараттанған. Дауыс беруде белсенділік танытқан жастарды атап өтуге болады. Байқаушыларға ешбір кедергі келтірілмеді. Қоғамдық бақылау ұйымдары да қадағалау жұмыстарын тыңғылықты түрде жүргізді», - дейді Чжан Лин.

Оның айтуынша, референдумда мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдай жасалды.

«Референдумды өткізу Қазқстанның демократиялық процестеріне оң ықпал етеді. АӨСШК миссиясы қазақстандықтарды референдумның сәтті өтуімен құттықтап, Жаңа Қазақстанның мақсаттарына жетуін тілейді», - деді байқаушы.

Сондай- ақ ұйымның заңды кеңесшісі Сұлтан Әмірханов мүмкіндігі бар адамдарға жасалған ерекше жағдайды атап өтті.

«Қазақстан референдумдағы транспаренттілікті қоғамдық бақылау, мен БАҚ көмегімен жүзеге асырды. Мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруіне барлық жағдай жасалғанын ерекше атап өтуге болады» - дейді Әмірханов.

Серіктес жаңалықтары